Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) UFC Fight Night 254 турниріне қатысып, бразилиялық файтер Брандсон Рибейромен кездесті (16-7).
Ауыр салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек алдында Дияр фаворит саналған еді. Алайда, екінші раундта Рибейро қарсыласқа ауырту әдісін сәтті қолданып, шайқас тағдырын өз пайдасына шешті.
Осылайша, Брандсон Рибейро кәсіпқой ММА мансабындағы он жетінші және UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізсе (рекорд – 3-1), ал Дияр Нұрғожай алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Еске салайық, жекпе-жек қарсаңында қазақстандық межелеген салмақтан асып кетті. Енді қазақстандық спортшы гонорарының 25 пайызын қарсыласқа беруге мәжбүр болады.