Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 82-орын) Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында португалиялық Нуно Борхеспен (38-орын) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бублик сенсациялық түрде Борхесті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, финалға шықты. Айта кету керек, португалиялық спортшы бұл кездесуде ғана емес, турнирде басты фаворит саналған болатын. Финалда Александр Жоау Фонсека (Бразилия, 80-орын) - Кей Нишикори (Жапония, 76-орын) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Феникс турнирінің жүлде қоры 250 000 долларды құрайды. Жеңімпаз 38 420 доллар жинап, 175 рейтингтік ұпайға ие болады.

Айта кетейік, Александр Бублик қазіргі уақытта жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или