«Бавария» Неймарды сатып алуды жоспарлап отырған жоқ

«Бавария» Неймарды сатып алуды жоспарлап отырған жоқ

«Бавария» «Сантос» вингері Неймарды сатып алуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Флориан Плеттенбергтің ақпараты бойынша, неміс клубы 33 жастағы ойыншыға қызығушылық танытып отырған жоқ.

Дегенмен, жазда Неймар топ-5 лига клубына ауысуы мүмкін. Оған «Барселона» қызығушылық танытып жүр.

Еске салайық, бұған дейін Бразилия футбол федерациясының (CBF) баспасөз қызметі 33 жастағы шабуылшы медициналық көрсеткіштерге байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайтынын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или