УЕФА Ұлттар лигасы: Италия құрамасы Германияға қарсы матчтарға қатысатын құрамын жариялады

Италия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалындағы Германияға қарсы матчтарға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық командаға 23 футболшы шақырту алды.
Қақпашылар: Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ», Франция), Алекс Мерет («Наполи»), Гульельмо Викарио («Тоттенхэм», Англия).
Қорғаушылар: Дестини Удоджи («Тоттенхэм»), Андреа Камбьязо, Федерико Гатти (екеуі де — «Ювентус»), Алессандро Бастони («Интер»), Алессандро Буонджорно, Джованни Ди Лоренцо (екеуі де — «Наполи»), Риккардо Калафьори («Арсенал», Англия), Пьетро Комуццо («Фиорентина»), Маттео Руджери («Аталанта»).
Жартылай қорғаушылар: Николо Барелла, Давиде Фраттези (екеуі де — «Интер»), Николо Ровелла («Лацио»), Самуэле Риччи, Чезаре Касадеи (екеуі де — «Торино»), Сандро Тонали («Ньюкасл», Англия).
Шабуылшылар: Мойзе Кин («Фиорентина»), Лоренцо Лукка («Удинезе»), Даниэль Мальдини, Матео Ретеги (екеуі де — «Аталанта»), Маттео Политано, Джакомо Распадори (екеуі де — «Наполи»), Маттиа Дзакканьи («Лацио»).
Италия құрамасы Германиямен 20 наурызда (өз алаңында) және 23 наурызда (сырт алаңда) кездеседі.