Бублик пен Муте Финикстегі матчтан кейін жанжал шығарды

Бублик пен Муте Финикстегі матчтан кейін жанжал шығарды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР №82) Финикстегі «Челленджер» сериясындағы турнирінде өткен тартысты матчтан кейін француз теннисшісі Корентен Мутемен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға матч барысында юолды. Муте доп соғар алдында: «Мен дайын емеспін», - деп мәлімдеді.

Бұған Бублик «Маған бәрібір» деп жауап берді.

Кездесу 2:6, 7:6, 7:5 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталғаннан кейін, спортшылар қол алысып, артынша қатты дауласуға көшті. Жағдай ушығып кетпес үшін турнир қызметкерлері араласып, оларды ажыратып жіберді.

Енді Бублик жартылай финалда Финикс корттарында үш жыл бойы жеңіліп көрмеген Нуну Боржешпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или