«Барыс» ҚХЛ матчында «Амурға» есе жіберді

«Барыс» ҚХЛ матчында «Амурға» есе жіберді

Бүгін, 15 наурызда, Хабаровскіде ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчы өтті, онда жергілікті «Амур» қазақстандық «Барысты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:2 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаз команда сапында Олег Ли (хет-трик), Владислав Барулин және Евгений Грачев шайба соқты. Қонақтар қатарында Роман Старченко мен Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытты.

2024/25 жылғы ҚХЛ тұрақты чемпионатында қарсыластар 65 матчтан өткізді. «Амур» 40 ұпай жинап, «Шығыс» конференциясында 11-орында тұр, ал «Барыс» 35 ұпаймен соңғы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или