UFC Fight Night 254 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC Fight Night 254 турнирінің тікелей трансляциясы

16 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 254 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде италиялық файтер Марвин Веттори (19-7-1) грузиялық Роман Долидземен (14-3) реваншы өткізеді.

Сонымен қатар, негізгі кард аясында қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7) болады.

Негізгі кардтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 04:30-да басталады. Турнирді UFC-дің ресми сайтынан және «Матч! Боец» арнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или