Қазақстандық файтер UFC-дегі дебюті алдында салмақ қуа алмады. Видео

Қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай 15 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 104 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Вестник ММА Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оның қарсыласы 28 жастағы бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7) болады.
Дияр салмақ өлшеу рәсімінде қажетті межені орындай алмай, таразыда 95,48 кг көрсетті.
Айта кетейік, 27 жастағы Нұрғожай Дана Уайттың үміткерлер сериясында ерекше нокаутпен көзге түсіп, UFC-ге жолдама алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или