Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келі салмақ дәрежесінде Балқыбекова Солтүстік Корея боксшысы Ан Кум Бёлмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медальді сарапқа салады. Ал оның қарсыласы Ан Кум Бёл жарыстың қола жүлдегері атанды.

Алуа Балкибекова бұған дейін екі мәрте әлем чемпионатының жүлдегері атанған (2022 жылы – күміс медаль, 2023 жылы – қола медаль) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или