Ubisoft ресми түрде Rainbow Six Siege X ойынының трейлерін жариялады

Ubisoft ресми түрде Rainbow Six Siege X ойынының трейлерін жариялады

Ubisoft ресми түрде Rainbow Six Siege X ойынын таныстырып, оны франшизаның «жаңа дәуірі» деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

R6 SIEGE X Reveal Showcase аясында әзірлеушілер жаңа трейлерді көрсетті.

Ойынның жаңа нұсқасында эксклюзив картамен бірге Dual Front 6v6 режимі пайда болады. Сондай-ақ жаңартылған визуалды және дыбыстық эффектілер және жаңа анимациялар енгізіледі. Бұдан бөлек, әзірлеушілер жаңа сирек кездесетін заттар деңгейі – «Экзотика», сондай-ақ басқа да жаңашылдықтарды таныстырды.

Rainbow Six Siege X 2025 жылғы шілде айында шығады және жаңа ойыншылар үшін тегін болады. Ал шутердің тәжірибелі ойыншыларына Ubisoft эксклюзив сыйлықтар дайындады.

Жабық бета-тестілеу 13-19 наурыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или