Асу Алмабаевтың командасы файтердің болашағы туралы мәлімдеме жасады

Асу Алмабаевтың командасы файтердің болашағы туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың командасы спортшының жаттығу залындағы суретін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Асу Алмабаев жаттығуын қайта бастады.

Командамыздың файтері Асу Алмабаев жаттығуын жалғастырып, келесі жекпе-жекке дайындалып жатыр», – деп жазды Darteam Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық UFC файтері 2 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде португалиялық спортшы Манел Капемен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или