Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төмендеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төмендеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) жаңартылған рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте Қазақстан бір сатыға төмендеп, 2456.714 ұпаймен төртінші орында тұр. Көш басында 2945.684 ұпай жинаған Португалия құрамасы, екінші орында – Испания (2637.681 ұпай). Ресей құрамасы (2457.159 ұпай) үшінші орынға көтерілді. Топ-10 қатарына Украина, Франция, Хорватия, Польша, Италия және Словения енді.  

Еске салайық, Қазақстан құрамасы футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама ала алмады. Шешуші ойында 2:4 есебімен Армения құрамасына жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или