Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Иордания Хашимит Патшалығы астанасы Амман қаласында өтетін еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да қатысады.
Айта кетейік, Ризабек соңғы белдесуінде Алматыда өткен PWL-8 турнирінде 97 келі салмақта АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, 8:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын.
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:
- 57 келі - Рахат Қалжан;
- 61 келі - Балғабай Мұхамед;
- 65 келі-. Нұрсұлтан Садық;
- 70 келі- Начын Куулар;
- 74 келі - Нұрқожа Қайпанов;
- 79 келі - Дәулет Ергеш;
- 86 келі - Болат Сакаев;
- 92 келі- Азамат Дәулетбеков;
- 97 келі- Ризабек Айтмұхан;
- 125 келі - Ңүрсұлтан Азов.
Байрақты бәсеке 25-30 наурыз аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или