Айжан Бітімбаева арбадағы теннистен әлемдік рейтингіде 89-орынға көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы арбадағы теннисшілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Айжан Бітімбаева өткен аптамен салыстырғанда, әлемдік рейтингіде 92-ден 89-орынға көтерілді.
Қазақстанда арбадағы теннис 2022 жылдан бері дамып келеді. Осы уақыт ішінде ТОП-90-ға ену – үлкен жетістік.
Құрамында А.Бітімбаева бар қазақстандық арбадағы теннисшілер жуырда алғаш рет әлем кубогының Азия іріктеу жарысында өнер көрсетті.
Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өткен жарыста Қазақстан ерлер құрамасы Ирак, Иранмен, әйелдер Жапония, Үндістан және Қытайлық Тайбэймен бір топта ойнады.
Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алмағанымен, қазақстандық арбадағы теннисшілер Азиядағы мықты құрамалармен бәсекеге түсіп, жақсы тәжірибе жинақтады.