Қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ширек финал қорытындысы бойынша қазақстандық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.
Өз жарысында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.
Ал Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, ол да жартылай финалға жолдама ала алады.
500 метр қашықтықта жүгіруден Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев та келесі кезеңге жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или