Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирмен қоштасты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 166-орын) Финикстегі (АҚШ) турнирде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кукушкин 1/8 финалда жапондық Кей Нишикоримен (76-орын) кездесіп, қарсылас 3:6, 1:2 есебімен ұтып жатқан кезде матчы жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Нишикори ширек финалға шықты.
Айта кетейік, 35 жастағы Кей Нишикори әлемнің бұрынғы төртінші ракеткасы, 2014 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисті және 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Феникс турнирінің жүлде қоры 250 000 долларды құрайды. Жеңімпаз 38 420 доллар жинап, 175 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или