Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың 1/4 финалына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 82-орын) Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан турнирде жекелей сында екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Бублик жапондық Ринки Хиджикатамен (83-орын) кездесіп, үш сетте – 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.
Александр ширек финалда франциялық теннисші Корентин Мутемен (79-орын) кездеседі.
Феникс турнирінің жүлде қоры 250 000 долларды құрайды. Жеңімпаз 38 420 доллар жинап, 175 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или