Тимофей Скатов Грекиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 182-орын) Херсониссостағы (Грекия) Челленджерде сәтті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында 1/8 финалда Скатов британдық Райан Пенистонмен (406-орын) кездесіп, қарсыласын екі сетте – 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Матч тура 2 сағатқа созылды. Осылайша қазақстандық болгариялық теннисші Димитар Кузмановпен (386-орын) ойнайтын турнирдің ширек финалына шықты.
Жарыстың жүлде қоры 54 000 еуроны құрайды. Жеңімпаз 7 530 еуро алады, сонымен қатар 50 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или