«Астана» велошабандозы «Париж-Ницца» көпкүндік жарысының бесінші кезеңінде топ-3 қатарына енді

Бүгін «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде алғашқы екі орынды француз велошабандоздары иеленді: Bahrain-Victorious командасынан Ленни Мартинес бірінші, «Астана» сапынан Клеман Шампуссен екінші орын алды. Үшінші болып Visma | Lease a Bike командасының америкалық өкілі Маттео Йоргенсон келді.
«Астана» командасының басқа шабандоздары келесі орындарға тұрақтады: Харольд Техада — 4-орын, Майк Тёниссен — 37-орын, Николя Винокуров — 45-орын, Антон Чармиг — 54-орын, Евгений Федоров — 130-орын, Кейс Бол — 132-орын.
«Париж-Ницца». Бесінші кезең. Сен-Жюст-ан-Шевале — Ла-Кот-Сент-Андре. 203.3 шақырым
1. Ленни Мартинес (Франция, Bahrain-Victorious) — 4:36:23
2. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +0:03
3. Маттео Йоргенсон (США, Visma | Lease a Bike)
...
4. Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)
37. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана») — +2:01
45. Николя Винокуров (Казахстан, «Астана») — +3:15
54. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +4:02
130. Евгений Федоров (Казахстан, «Астана») — +17:20
132. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Маттео Йоргенсон (США, Visma | Lease a Bike) — 16:27:26
2. Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) — +0:22
3. Флориан Липовиц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — +0:36
...
9. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +1:22
10. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +1:24
58. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана») — +17:55
62. Николя Винокуров (Казахстан, «Астана») — +19:31
87. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +25:29
119. Евгений Федоров (Казахстан, «Астана») — +36:51
131. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +40:01.