ӘЧ-2025: қазақстандық боксшы турнир қожайынын жеңіп, жартылай финалға өтті

Қазақстандық боксшы Елдана Талипова 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда қазақстандық боксшы Сербия өкілі Сара Мильковичпен кездесті. Қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бірінші раундта сербиялық боксшыға нокдаун есептелсе, екінші раундта Елдана Тәліпова ескерту алды. Жекпе-жек 5:2 есебімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или