Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев боксшыларын шыбықпен сабады. Видео

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев боксшыларын шыбықпен сабады. Видео

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев ұлттық құрама боксшыларын жігерлендіру үшін ерекше тәсіл қолданып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атап айтқанда, білікті маман жалқауланған спортшыларды шыбықпен сабайды екен.

Оқу-жаттығу жиынынан түсірілген видеороликті Киличев өзінің Instagram-парақшасында бөліскен. Видеодан аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтың көбірек «таяқ жегенін» байқауға болады.

«Сендерге ең зор мотивация осы. Қойыңды еске ал, атыңды еске ал, малыңды еске ал, бірақ бәрібір осы шыбық зор мотивация», - дейді Тулкин Киличев боксшыларды ұрып жатып.

Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы былтыр Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп, тарихи рекорд орнатты.


Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или