Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев жаңа қызметке тағайындалды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық дзюдошы Рустам Ибраев Ақтөбе облысындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі балуан бұрын ұлттық құрама сапында 60 келіде белдесіп, көптеген халықаралық жарыстарда жүлде алды. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген Ибраев 2018 жылдан бастап облыстық «Жастар» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

Айта кететін жайт, Рустам Ибраев 2015 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол сол сында финалда болашақ Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездескен еді. Кездесу қорытындысы бойынша ол екі рет ескерту алып, күміс жүлдені місе тұтуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ, Ибраев жапониялық белгілі дзюдошы Наохиса Такатоны ұтқан қазақстандық жалғыз балуан. Ол 2015 жылы Германияда өткен Гранд Слэм турнирінде Жапония балуанын айқын жеңген болатын.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или