Аарон Рэмзи Қазақстанмен болатын матчқа қатыспайды

Аарон Рэмзи Қазақстанмен болатын матчқа қатыспайды

Уэльс құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи жарақатына байланысты наурыз айындағы ойындарға шақырту алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Одан бөлек, Харри Уилсон («Фулхэм»), Итан Ампаду («Лидс»), Уэс Бернс («Ипсвич Таун») және Рис Норрингтон-Дэвис («Шеффилд Юнайтед») ұлттық құраманың нақты тізімінен тыс қалды.

Есесіне, «Тоттенхэмнің» негізгі футболшысы Бреннан Джонсон Қазақстанға қарсы өтетін матчқа қатысуға дайын.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. 22 наурызда Уэльс құрамасымен, ал екі күннен соң Лихтенштеймен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или