Еуропа лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары: келесі кезеңге кімдер өтеді?

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде әлемнің көптеген елдерінде жанкүйерлері бар бірнеше клуб ойнайды. Бұл мақалада кейбір клубтың турнирдің ширек финалына өту мүмкіндіктерін қысқаша қарастырамыз. Матчтар бейсенбі күні дәстүрлі уақыт аралығында – 22:45 және 01:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Атлетик» – «Рома»
Өткен аптада Римде өткен кездесуді тең дәрежеде өтті деуге болады, бірақ жеңімпаз анықталды. Матч соңында «Рома» мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов есепті 2:1 етті. Бұл «Романың» мінез көрсеткен жеңісі болды, себебі 50-минутта қонақтар сапынан Иньяки Уильямс есеп ашқан еді.
«Рома» қазіргі кезде тамаша бабында. Раньеридің командасы соңғы 8 матчтың жетеуінде жеңіске жетті. Олар тек Еуропа лигасының кубогын иеленуге емес, сонымен қатар А Сериясында еурокубок аймағына кіруге үміттеніп отыр. Ал «Атлетик» соңғы 10 ойынның тек үшеуінде жеңіске жетіп, қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соған қарамастан, Ла Лиганың үздік төрттігінде сенімді түрде келе жатыр және Еуропа лигасында да жоғары орындарға таласады.
Қарымта ойын алдында Вальверде шәкірттері ештеңе жоғалтқан жоқ. «Сан-Мамес» стадионында команда қарсыласқа қиындық тудыруы мүмкін. Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі «Атлетиктің» жеңісіне – 1.87, «Романың» жеңісіне – 4.20, тең ойынға – 3.62 коэффициент ұсынды. Ал ширек финалға өту коэффициенттері: «Атлетик» – 2.28, «Рома» – 1.63.
«Манчестер Юнайтед» – «Реал Сосьедад»
Алғашқы кездесу өте тартысты өтті, сондықтан 1:1 есебі әділ нәтиже болды. Бұл ойында голдар тек екінші таймда соғылды. «МЮ» сапынан нәтижелі әрекетімен Джошуа Зиркзее көзге түсті.
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшылары – жеке тақырып. Биылғы қиын маусымда голдарды көбінесе басқа позициядағы ойыншылар соғып жатыр. Мысалы, клуб Расмус Хёйлундты 75 миллион еуроға сатып алғанымен, ол 20 матч қатарынан гол да, ассист те жасай алмай жүр. Қазіргі жағдайында «МЮ-ды» қандай да бір турнирдің фавориті деп атау қиын. Дегенмен Еуропа лигасында жақсы өнер көрсетіп, плей-офф кезеңін сәтті бастағанын ескерсек, команда әлі жарыстан шыққан жоқ.
«Реал Сосьедад» та дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Өткен демалыста «Севильядан» жеңіліп, Ла Лиганың үздік ондығынан шығып қалды. Демек, келесі маусымда еурокубоктарда ойнау мүмкіндігі азайып барады. Сондықтан Еуропа лигасының кубогын иелену – олар үшін маңызды мақсат. Альгуасиль командасы қатарынан төрт матч жеңіске жете алмай жүр, бірақ бұл тізімде «Барселона» мен «Реал» секілді қарсыластар да бар екенін ескеру керек. Сонымен қатар, олар Испания кубогының жартылай финалында «Реалға» қарсы қарымта ойын өткізеді.
Tennisi.kz коэффициенттері: «МЮ-дың» жеңісі – 1.86, «Реал Сосьедадтың» жеңісі – 4.80, тең ойын – 3.32. Ал екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге өту коэффициенттері: «МЮ» – 1.37, «Реал Сосьедад» – 3.10.
«Тоттенхэм» – «АЗ»
Алғашқы ойын Нидерландта өтіп, алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың тағдырын «Тоттенхэм» ойыншысы Бергвалльдың автоголы шешті. Лондондықтар сол ойында өте әлсіз көрініп, тіпті тең есепке де қол жеткізе алмады.
Ағылшын клубтары арасында «Тоттенхэм» де «МЮ» секілді үлкен мәселелерге тап болды. Команда қазір АПЛ-да 13-орында, ал Еуропа лигасында да плей-оффтан ұшып кету қаупі бар. Лондондық клуб маусым басынан бері көптеген жарақатына байланысты негізгі құрамдағы ойыншыларын пайдалана алмай ж.р. Сол себепті қысқы трансфер кезінде команда Кевин Дансо, Матис Тель және Антонин Кинскиді сатып алды.
Алкмаарлық «АЗ» бұл кезеңге жету үшін плей-оффта «Галатасарайды» 6:3 есебімен жеңді. Олар соңғы 9 матчтың жетеуінде жеңіске жетті, бірақ Нидерланд чемпионатында көшбасшылар қатарында жоқ.
Tennisi.kz матчқа мынадай коэффициенттер ұсынды: «Тоттенхэмнің» жеңісі – 1.50, тең ойын – 4.60, «АЗ-дың»жеңісі – 6.10. Ал екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге өту коэффициенттері: «Тоттенхэм» – 1.67, «АЗ» – 2.20.
Қалған матчтар
Бейсенбіден жұмаға қараған түні тағы бірнеше қызық матч өтеді:
- «Айнтрахт» – «Аякс» (бірінші матч 2:1)
- «Лацио» – «Виктория» Пльзень (бірінші матч 2:1)
- «Олимпиакос» – «Буде-Глимт» (бірінші матч 0:3)
- «Лион» – ФКСБ (бірінші матч 3:1)
- «Рейнджерс» – «Фенербахче» (бірінші матч 3:1)
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.