«Барселона» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

«Барселона» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

«Барселонаның» 17 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль УЕФА Чемпиондар лигасы тарихында бес нәтижелі пас берген ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі BBC басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейінгі рекорд осы көрсеткішке 19 жасында жеткен англиялық шабуылшы Тео Уолкотқа тиесілі болған.

Ямаль карьерасында Чемпиондар лигасында 19 матчқа қатысып, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Осы маусымда 17 жастағы футболшы «Барселона» сапында барлық турнирде 37 матч өткізіп, 12 гол және 17 нәтижелі пас жасады. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 180 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или