«Атлетико» шабуылшысы төрешіні балағаттағаны үшін 5 матчқа шеттетілді

«Атлетико» шабуылшысы төрешіні балағаттағаны үшін 5 матчқа шеттетілді

«Атлетико» шабуылшысы Анхель Корреа төрешіні балағаттағаны үшін төрт ойынға, ал қызыл қағаз алғаны үшін тағы бір матчқа шеттетілді. Жаза Ла Лига мен Испания кубогында қолданылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Корреа Ла Лиганың 27-турындағы «Хетафеге» қарсы матчтың (1:2) 88-минутында қарсыласына дөрекі әрекет жасағаны үшін алаңнан қуылды. Қызыл қағаз алғаннан кейін ол төреші Куадра Фернандесті балағаттап, бейәдеп сөздер айтқан. Төреші оның сөздерін хаттамаға енгізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или