UFC аңызы Чемпиондар лигасындағы «Ливерпуль» – ПСЖ матчына барды

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ливерпуль» - ПСЖ матчына барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Энфилдте» өткен кездесудің негізгі уақыты мен екі қосымша таймы 1:0 есебімен париждіктердің пайдасына аяқталды, 12-минутта Усман Дембеле гол соқты. Пенальти сериясында «ПСЖ» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, 1/4 финалға өтті (бірінші матч – 1:0 «Ливерпульдің» пайдасына).
Хабиб ПСЖ эмблемасы бар күрте киіп, Ливерпульдегі стадион трибунасында француз клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Идрисса Гейемен бірге отырды.
Жеңілмеген ресейлік файтер ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифимен бірге түскен суретін жариялады.
«ПСЖ тамаша жұмыс атқарды», – деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желіде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или