«Төбелесуге ынтам жоқ»: Дмитрий Бивол мансабын аяқтау туралы ойын айтты

34 жастағы жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол 40 жасқа дейін мансабын жалғастыруды жоспарламайтынын және өмірінің басқа салаларына көңіл бөлгісі келетінін мәлімдеді.
— Мен 40 жасымда бокс жасамаймын, — деді Бивол. — Бұл жаста рингке шығуға ниетім жоқ. Мансабымды қашан аяқтаймын? Мүмкін, тағы бірнеше жыл жұдырықтасармын. 40 жасқа дейін өзімді басқа салада байқап көргім келеді. Сол уақытқа қарай өмірімде жаңа кезең басталса деймін.
2025 жылғы ақпанда ол Артур Бетербиевпен өткен қарымта жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или