Қазақстандық боксшы Германияда кезекті жекпе-жегін өткізеді

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Виктор Теміров (6-0, 4 КО) келесі айқасын 12 сәуірде Германияның Квакенбрүк қаласында өткізеді.
BoxRec.com мәліметінше, оның қарсыласы польшалық Матеуш Павловски (3-4, 2 КО) болады. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Теміров соңғы рет 2 қарашада Германияның Бад-Херсфельд қаласында рингке шығып, никарагуалық Робин Самораны (21-38, 10 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, WBF European титулын иеленген еді. 24 жастағы боксшы "Мясник" лақап атымен танымал, ал Германияда оны жас Геннадий Головкинмен жиі салыстырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или