Армения — Қазақстан матчының трансляциясы

Бүгін, 12 наурыз, Қазақстан футзал құрамасы Ереванда Арменияға қарсы шешуші ойын өткізеді. Бұл кездесу Еуро-2026 іріктеу кезеңінің соңғы туры болмақ.
Матч 20:00-де басталады және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен, екі ойын да тең аяқталған: 2004 жылы – 2:2, ал 2023 жылдың желтоқсанында Алматыда – 4:4.
Қазіргі таңда Армения 13 ұпаймен топ көшбасшысы, Қазақстанның еншісінде 10 ұпай бар. Турнирлік жағдайға байланысты жеңіске жеткен команда Еуро-2026-ға тікелей жолдама алады. Айта кетейік, Қазақстан UEFA рейтингі бойынша 3-орында, ал Армения 17-сатыда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или