Қайрат Нұрдәулетов: Легионерлердің келмеуі футбол сапасының төмендеуіне алып келеді

Қайрат Нұрдәулетов: Легионерлердің келмеуі футбол сапасының төмендеуіне алып келеді

«Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Instagram-парақшасында Қазақстан футболындағы легионерлер тақырыбына қатысты өз ойын бөлісті.

- Біздің футболда болып жатқан өзгерістер ойландыратын мәселелерді алға тартты. Ең алдымен, бұл – легионерлерді мемлекеттік қаржыландырудан бас тарту. Бұл шешім жан-жақты ойластырылмаған деп санаймын, өйткені дәл футболды бөлек алатын болсақ, легионерлер санын қысқарту немесе олардан толықтай бас тарту чемпионат деңгейінің төмендеуіне әкелетініне нық сенімдімін.

Бұл динамиканы қазірдің өзінде байқауға болады. Мысалы, жаңа маусымда Премьер-лига командаларының деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп кетті. Бұл, сөзсіз, футбол сапасына әсер етеді. Қазақстанда болашағы зор жас футболшылар өсіп келеді, олардың жанында тәжірибелі легионерлер ойнауы тиіс, өйткені олар жас ойыншылардың дамуына оң ықпал етеді.

Қазіргі уақытта қазақстандық футбол мұндай радикалды шешімдерге дайын емес. Басқа балама жолдарды қарастыруға болады: мысалы, легионерлер санын алаңда 6-7 ойыншымен шектеу, ал қалған орындарды қазақстандық футболшылармен толтыру. Бұл клубтарға қазақстандық паспортқа ие футболшылар тапшылығы бар позицияларға шетелден сапалы ойыншылар алуға мүмкіндік береді.

Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас демекші, мұндай шешімдерді әр түрлі спорт өкілдерінің үздіктерімен бір үстел басында шешілуі орынды деп санаймын. Өйткені бұл тек ішкі футболымыздың жағдайына ғана емес, сонымен қатар оның халықаралық аренадағы беделіне де әсер етеді, - деп жазды маман өзінің парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или