Елена Рыбакина күтпеген жерден Индиан-Уэллс турнирінен шығып қалды

Елена Рыбакина күтпеген жерден Индиан-Уэллс турнирінен шығып қалды


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өткен турнирдің 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалды.

Оның қарсыласы 17 жастағы ресейлік Мирра Андреева болды. Жас теннисші бірінші сетте 6:1 есебімен сенсациялық жеңіске жетті. Екінші партияда да ол басымдық танытып, 6:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Кездесу небәрі 1 сағат 6 минутқа созылды.

Осылайша, Андреева турнирдің ширек финалына өтіп, украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. Айта кетейік, екі апта бұрын Рыбакина Дубай турнирінің жартылай финалында дәл осы ресейлік теннисшіге үш сетте жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или