Әлем чемпионаты: 12 наурызда бокстан ел құрамасынан кімдер сынға түседі

12 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан төрт боксшы сынға түседі.
Алдымен күндізгі сессияда Назым Қызайбай (48 келі) словакиялық Николь Дуриковамен кездессе, одан кейін Карина Ибрагимова (57 келі) колумбиялық Валерия Арболеда, Надежда Рябец (75 келі) Сьерра-Леоне өкілі Коромамен шаршы алаңға шығады.
Ал Наталья Богданова (70 келі) кешкі сессияда испаниялық Мас Мартинезбен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ¼ финалға жолдама алды.
Сондай-ақ алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваны тізе бүктірген Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) енді 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен кездеседі.