Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының тарихи рекордына жетті

«Барселонаның» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының 1/8 финалының «Бенфикаға» қарсы қарымта ойынын негізгі құрамда бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испандық үшін бұл оның 18 жасқа толмаған ойыншылар арасындағы рекордты қайталап, ең беделді еурокубоктардың плей-офф кезеңінде алаңға алтыншы рет шығуы. Бүгінгі күнге дейін бұл рекордтың иесі Юлиан Дракслер еді. «Блауграна» ширек финалға өтсе, Ямаль рейтингте немісті басып озады.
Ламин Ямал қазір 17 жаста. Ол шілде айында 18 жасқа толады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или