Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті.

Еліміздің атынан қатысқан Анастасия Городко ең үздік нәтиже көрсетті – ол жарысты оныншы орынмен аяқтады. Ал Юлия Галышева 12-ші орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Павел Колмаков қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша 13-орынға ие болды.

Айта кетейік, 12 наурызда спортшылар параллель могулда бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или