Бокс. Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қарсыласын сенімді ұтты

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева 2025 жылы Ниште (Сербия) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
63 келі салмақта 1/8 финалда Әбікеева қытайлық Шуоюй Чжаомен кездесіп, оны 5:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Аида Әбікеева ширек финалға шықты.
Айта кетейік, Әбікеева қазіргі Азия чемпионы: ол желтоқсанда Чиангмайда (Таиланд) өткен құрлықтық турнирде алтын медаль жеңіп алған болатын. Қарсыласына келетін болсақ, Шуою Чжао Қытай чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или