Максим Самородов «Ахматтың» келесі матчына қатыспайды

Максим Самородов «Ахматтың» келесі матчына қатыспайды

Грозныйлық «Ахмат» футболдан Ресей кубогының «Аймақтар жолы» ширек финалының екінші кезеңіндегі «Краснодарға» қарсы матчқа негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, «Ахматтың» қазақстандық шабуылшысы Максим Самородов бұл ойынға құрамда жоқ. Самородов гол соғып, 89 минут ойнаған мәскеулік «Локомотивпен» (1:1) ойыннан кейін команданың бапкерлер штабы Қазақстан құрамасының ойыншысына демалыс беруді ұйғарған болуы керек.

Командалар арасындағы кездесу 11 наурызда Краснодарда өтеді және Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или