Әлем чемпионатында қазақ пен өзбек боксшылары кездеседі

Әлем чемпионатында қазақ пен өзбек боксшылары кездеседі

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Нис қаласында (Сербия) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 2021 және 2023 жылғы Азия чемпионы өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келі салмақта ширек финалдық жекпе-жек 13 наурызда өтеді.

1/8 финалдағы алғашқы шайқасында қазақстандық Грекия өкілі София Легакиді 5:0 есебімен ұтты. Турнир басында Тұрдыбекова вьетнамдық боксшы Тхи Май Нгодан басым түсті – 4:0.

Еске салайық, 8-17 наурыз аралығында Ниш қаласында (Сербия) бокстан әйелдер арасындағы 14-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или