Әйелдер арасындағы ӘЧ. Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова 1/8 финалда марокколық Ясмин Мутакимен кездесті.
Алуа төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті. 5:0 есебі тіркелді.
Бұл Алуаның әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі. Бірінші кездесуінде ол кениялық боксшы қызды жеңіп шыққан еді.
Ширек финалда Алуа түрік қызы Айсен Таскынмен кездесетін болады. Бұл жекпе жек 13 наурызға жоспарланған.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или