«Астананың» ойыншысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

«Астананың» ойыншысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг «Астана» клубындағы маңызды межеге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лиганың екінші турындағы «Қызылжарға» қарсы матчта (2:0) 25 жастағы футболшы елордалық команда сапындағы 150-ші ойынын өткізді.

Эбонг «Астана» құрамына 2020 жылдың қаңтарында Солигорскінің «Шахтер» клубынан ауысып келді. Қазақстанда өткізген жылдары ол команда жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосты – 2022 жылы ел чемпионы атанып, 2024 жылы Лига Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ екі мәрте Суперкубокты иеленді (2020, 2023).

Сонымен қатар, ол «Астана» қатарында УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті (2023/24, 2024/25). Барлық турнирлерде 150 матч өткізіп, 8 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или