Волейболдан ел чемпионаты: «Қуаныш» өткен жылғы жетістігін қайталады

Волейболдан ел чемпионаты: «Қуаныш» өткен жылғы жетістігін қайталады

Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) екінші кездесуін өткізді.

Кеше Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгін «Қуаныш» айқын басымдық көрсетті деуге болады – 3:0 (25:13, 25:18, 25:18).

Осылайша, «Қуаныш» өткен жылғы жетістігін қайталады. Ал 2024 жылы ел чемпионы атанған «Тұран» (бас бапкері) биыл жүлдесіз қалды.

Қазақстан чемпионатының финалында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Берел» командалары кездеседі. Алғашқы кездесуде 3:1 есебімен «Жетісу» жеңіске жеткен болатын. Екінші кездесу бүгін өтеді.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или