Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Әлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рейтингтің бірінші орнына көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бұған дейін үшінші орында болған.

WBC ұйымы осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) белбеуін қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов көп уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Ташкентте өткен. Өзбекстандағы бокс бокс кешінде ол Чили боксшысы Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или