Ресми: Поль Погбаның дисквалификация мерзімі аяқталды

Поль Погба жазасын толықтай өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді бүгіннен бастап кез келген клубтың қатарында өнер көрсете алады.
Жартылай қорғаушы өткен жылы допинг қолданғаны белгілі болып, төрт жылға футболдан шеттетілген. Артынша іс қайта қаралып, оның мерзімі 18 айға қысқарған болатын.
Футболшы соңғы айларда жаттығуын Майамиде өткізді. Қазір еркін агент статусында қол жетімді. Футболшының өзі топ чемпионаттардан ғана түскен ұсыныстарды қарастырып жатқан көрінеді.
31 жастағы жартылай қорғаушы жай жатпай, жақында Газадағы халыққа тегін тамақ таратып, көмектескен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или