Қазақстандық спортшылар Италиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Италияның Падуя қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлдеге іліге алмады. Жекелей сында Артем Саркисян 91-орынға ие болды. Бақдәулет Құралбекұлы 95-орынмен жарысты аяқтаса, Назарбай Саттархан 109, ал Жанат Нәбиев 176-нәтижені көрсетті.
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңін 18-орынмен аяқтады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или