Қазақстан чемпионаты: жартылай финалдық ойындардың кестесі белгілі болды

2024/2025 жылғы маусымына арналған 1xBet Pro Hokei Ligasy жартылай финалдық сериясының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Лига-ға сілтеме жасап.
«Арлан – Сарыарқа» сериясы 13 наурызда басталады:
Көкшетау, 13 наурыз «Арлан» - «Сарыарқа»
Көкшетау, 15 наурыз «Арлан» - «Сарыарқа»
Қарағанды, 19 наурыз «Сарыарқа» - «Арлан»
Қарағанды, 21 наурыз «Сарыарқа» - «Арлан»
Қажет болса: бесінші матч Көкшетауда, алтыншы матч Қарағандыда, жетінші матч Көкшетауда өтеді.
«Торпедо» - «Хумо» сериясы 14 наурызда басталады:
Өскемен, 14 наурыз «Торпедо» - «Хумо»
Өскемен, 16 наурыз «Торпедо» - «Хумо»
Ташкент, 20 наурыз «Хумо» - «Торпедо»
Ташкент, 22 наурыз «Хумо» - «Торпедо»
Қажет болған жағдайда: бесінші матч Өскеменде, алтыншы матч Ташкентте, жетінші матч Өскеменде өтеді.
Айта кетейік, хоккейден Қазақстанның қазіргі чемпионы – «Арлан» 2023/2024 жылғы маусымының финалдық сериясында көкшетаулық клуб «Номадты» (4:1) ұтты.