Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Шербургте (Франция) өткен Челленджер турнирінің жекелей сынында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда франциялық Ма Малижемен (568-орын) кездесіп 3:6, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды.

Денис Евсеев жапониялық Юта Симидзумен ойнап, үш сетте 2:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 57 минут уақыт өткізді.

Айта кетейік, Шербургтегі турнирдің жүлде қоры 91 250 еуро. Жеңімпаз 12 980 еуро жинап, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или