Қазақстандық теннисші Чилидегі турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Чилидегі турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко аргентиналық Андреа Колларинимен бірге Сантьягода (Чили) өткен турнирдің жұптық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Попко мен Колларини Гонсало Буэно (Перу)/Альваро Гильен Меса (Эквадор) жұбымен кездесіп, олардан екі сетте 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Сантьягодағы Челленджердің жүлде қоры 100 000 доллар. Байқау жеңімпазы 14 200 доллар жинап, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или