40 жастағы Криштиану Роналду карьерасындағы 927-голын соқты

Азия Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Эстегляльге» қарсы матчта «Әл-Наср» және Португалия құрамасының 40 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 927-голын салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық футболшы 27-минутта пенальтиді сәтті орындады.
Ойыншы ретінде мансабында Роналду клуб деңгейінде 792 гол соқса, Португалия құрамасы сапында тағы 135 голдың авторы атанды.
Биылғы маусымда шабуылшы барлық турнирде 32 матчқа қатысып, 27 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, ойыншының нарықтық құны - €12 млн.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или