Олимпиада чемпионы Астанадағы бокс кешінде өнер көрсетеді

5 сәуірде Астанада (Қазақстан) Top Rank промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіби бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған кештің андеркартында өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Баходир Джалолов шаршы алаңға қайта оралады. Бұл туралы Boxrec порталы ғана емес, боксшының өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында растады.
«Жақында көрісеміз, Қазақстан», – деп жазды Джалолов турнир.
Айта кетейік, бұған дейін Джалоловтың 2025 жылғы ақпанда Монреальда (Канада) жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын, алайда ол медициналық себептерге байланысты өтпей қалған еді.
Қазіргі уақытта Джалоловтың еншісінде 14 жекпе-жек бар, оның барлығында ол қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или