Назым Қызайбай әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

Әлемнің екі дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай Сербияда басталған әлем чемпионаты туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Сербияда әлем чемпионаты басталды, жеребе тарту рәсімі өтті. Біздің команда жарысты бастап кетті, қалған қыздар дайындықтарын жалғастырып, биік белестерді бағындыруға күш салуда. Біз барлығымыз аянбай еңбек еттік, және бәрі жақсы болып, жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Әрбір қазақстандық спортшы жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшін салады», - деп жазды Назым әлеуметтік желілерде.
Әлем чемпионаты 9-20 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или